Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Бестюбинский орта мектебі» КММ-де мектеп парламентінің жұмысы туралы ақпарат
Желтоқсан-қаңтар аралығында мектеп парламентінің мүшелерімен бірқатар іс-шаралар өткізілді. 14 желтоқсан күні мектепте мектеп парламентіне қатысушылар Республикалық «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімін өткізді. Ант қабылдаған соң мектеп белсенділері, қонақтар және мектеп директоры галстук байлап, төсбелгілерін қадады. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басты мақсаты – өскелең ұрпақты толеранттылық пен қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, балалардың бойында білімге, өзін-өзі жетілдіруге деген тынымсыз құштарлықты қалыптастыру. Бұл күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына: 1-сынып және 5-сыныптар қабылданды.
15 желтоқсанда мектеп парламентінің мүшелері 5-8 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстелді ұйымдастыруға қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гутова Б.Т. «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» презентациясын, жігіттер «Желтоқсан оқиғасының алты батыры» туралы спектакль дайындады, сонымен қатар 6 «А» сынып оқушылары шағын театрландырылған көрініс көрсетті. . Дөңгелек үстел соңында балалар Тәуелсіздік шежіресімен танысты.
29 желтоқсан күні мектебімізде 1-4 сынып оқушылары үшін жаңа жылдық шырша, сонымен қатар 5-11 сынып оқушылары үшін жаңа жылдық бал өтті. Мектеп парламентінің мүшелері жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыруға, сонымен қатар залды безендіруге белсене қатысты.
Мектеп парламентіне қатысушылар мектебімізде 23-27 қаңтар аралығында өтетін «Түстер апталығы» акциясын ұйымдастырды. 1-11 сынып оқушылары үшін әрбір оқу күні белгілі бір түске арналады. Бұл шараның басты мақсаты – эмоционалды және психологиялық жеңілдік. Балалар және мұғалімнің өтініші бойынша осы күні мектепке белгілі бір түсті киіммен келуі керек немесе, мысалы, сол реңктің атрибутын пайдалану керек. Бірақ мектеп формасын ұмытпау керек.