2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі іс-шаралар туралы есеп

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қамысты ауданының білім бөлімінің

Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ

2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет есебі

     

1. Жалпы ережелер

      1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімінің

Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ

      2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

      мемлекеттік қызметтер саны-10

      тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны -10 қызмет тегін көрсетілді;

      қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 7 қызмет  электрондық нысанда көрсетілді (70%), 3 қызмет –қағаз нысанда көрсетілді (30%);

      мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны -0;

Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 2 қызмет.
  2. «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру» - 3 қызмет.
  3. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» -          3 қызмет.

           2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

      1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:                                         - Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ ресми Интернет-ресурсында https://bestobe.kmroo.edu.kz/ru/gosudarstvennye-uslugi.html, сондай-ақ, мектептің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында https://www.instagram.com/bestobe_mektebi?igsh=MjlhYjY1Zjlram8y&utm_source=qr орналастырылған.

- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат стендтерде орналастырылған.

 

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталында egov.kz. «Азаматтар және үкімет» – «Жария талқылау» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын талқылау мүмкіндігін түсіндіру бойынша оқушылардың ата аналарымен тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.  

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде жауапты мұғалімдер мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы, сондай-ақ, кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша сұрақтар келіп түскен кезде құзыретті түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, толық жауаптар беріледі, есепті кезеңдегі көрсеткіштер айтылады, ұсыныстар мен туындайтын мәселелер талқыланады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мектептің көрсетілетін қызметті берушілері көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады.  Мектепте мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауаптылар электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін қызметкерлерге, ата-аналарға, ауыл тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылар (3 адам) тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады, семинарларға қатысады.  

      3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. Қоғамдық қатынастарды реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында 2013 жылғы 15 сәуірде (2023 жылғы 23.12. өзгерістер енгізіле отырып) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері және тиісті қағидалары бекітілді.

 

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

      1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі" КММ ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету есептілігі дайындалады және жинақталады. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті тексеру жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер дереу жойылады, тексеру барысында ұсынымдар, тапсырмалар беріледія.  Бекітілген кестеге сәйкес мектептің мемлекеттік қызмет көрсету құжаттары тексерілді. Ескертулер анықталған жоқ.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері – жүргізілген жоқ.

      4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері – жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмыс үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында:

1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауаптылар мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өз біліктіліктерін тұрақты негізде арттыратын болады;

 2. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларда мемлекеттік қызметтер көрсету салалары бойынша мәселелер туындаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының, регламенттерінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесулер, семинарлар өткізілетін болады, олардың қорытындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. Мектеп мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды;

 4. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ Интернет-ресурсы және басқа да веб-сайттар арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы, сондай-ақ, электрондық форматта көрсетілетін қызметті алушыларды БАҚ-та ақпараттандыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.