«Отбасымен қол ұстасып»
Отбасы – бұл тамаша сөз, ол жайлы, жылы және жақындарын қолдау және жай ғана қарым-қатынасты білдіреді. Отбасысыз адамға өмір сүру өте қиын, сондықтан оны бағалау және нығайту керек. Бестөбе орта мектебінде «Отбасымен қол ұстасып» атты отбасылық клубы ұйымдастырылған, онда ата-аналар педагог-психологтан кеңес алыып, өз мәселелерін айтып, сұрақтарға жауап таба алады «Туған ошақтың жылуы» атты отбасылық кеш өткізілді. Ата-аналар шыдамдылық, махаббат, өзара түсіністік, адалдық, мейірімділік, балалар, жауапкершілік, қамқорлық, обасылық дәстүрлер, кешірім, түсіністік, борыш деген кәртішкелердегі сөздерден бақыт үйін құрастырды. Одан кейін ата-аналармен «Шаңырақ» тренингі өткізілді, оларға стақандағы суды төкпей, шаңырақты көтеру керек болды. Ата-аналар ошақты абайлап және ұқыпты көтеріп жүрді, әркім оны ұстап тұруға тырысты және отбасында осылай болуы тиіс, ата-аналар отбасылық ошаққа және отбасына жауапты болады.