Тек алға!

Тек алға!

Өткен аптада біздің мектептің оқушылары Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына арналған «Қарлы Барыс» V әскери-спорттық ойынына қатысты. Аталған іс-шара Қарабатыр орта мектебінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Елжандылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, құрдастарының жағымды қарым – қатынас ахуалы - бұл осы жарыстарда бір жылдан бері игеріп келе жатқан негізгі мақсаттардың бірі.

Мерейтой ойындарында біздің ауданның 8 командасы жарысты. Маршруттық парақтарды алғаннан кейін барлығы жарысқа аттанды. Ойынның барлық кезеңдерінде оқушылар өз шеберліктері мен спорттық және әскери ептіліктерін көрсетті.  Біздің мектептің оқушылары да өз шеберліктерін көрсете білді. «Белтемірге тартылу» категориясында 118 тартылуда жоғары нәтижені көрсетіп, 8 команда арасында 2 орынға ие болды. «Арқан тартыс» категориясында  3 орынға ие болды. «Биатлон» қызықты категориясында көп жылғы көшбасшыларға ғана жол беріп, 3-ші орынды иеленіп, 18 минут уақыт өткен соң, чемпиондарға 1 минут ғана жол беріп, мәреге жетті. Сондай-ақ, біздің жігіттер зияткерлік ойында 1700 ұпай жинап, екінші нәтижені көрсетті.

Барлық жүлделі орындар бойынша біздің мектеп оқушылары жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды. Жарыстың «Гран-При» иегерлері 5 есе ойын иелері Қарабатыр ОМ тәрбиеленушілері.

№ 1 Қамысты  ОМ – 2 орын

 Клочков ОМ – 3 орын

Жарыстың барлық кезеңдерінде балаларда ұйымшылдық, ұжымшылдық, көмекке келе білу, ынтымақтастық, шыдамдылық, психологиялық тұрақтылық, тәртіп және өзіне-өзі берілу сияқты қасиеттер көрсетілді.

Ойын өте жақсы және ұйымшылдықпен өтті. Әр қатысушы бүгінгі күні «Барлығы бірі үшін және бірі барлығы үшін» екенін түсінді.  Осындай жарыстар оқушылардың моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастырады және дамытады.