«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу»
«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі» ММ 2020 ж. 14.02. 5-11 сыныптардың ата-аналары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» атты жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды:
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу. (Нурфайзулина Ж.Г.)
2. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы. Ерте
жүктілік.
( Испамбетова Г.Б. –мектеп медбикесі.)
Бірінші сұрақ бойынша мектептің психологы Ж. Г. Нурфайзулина сөз сөйледі. Ол өзіне – өзі қол жұмсау жағдайларының негізгі себептері туралы айтты - балалар-ата-аналар қарым-қатынасы, ата-аналар өз балаларына аз уақыт бөледі, балалар жиі өз мәселелерімен бірге қалады, ал ата-аналар оны байқамайды. Ата-аналарға роликтер көрсетіліп, ата-аналарға отбасылық тәрбие аспектілері, суицидалды мінез-құлықтың және кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу бойынша әдістемелік ұсыныстар, жадынамалар таратылды. Тренинг өткізілді.
Екінші сұрақ бойынша мектеп медбикесі Г. Б. Испамбетова сөз сөйледі, ол кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы туралы айтты. Балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылықтың жолын кесу керек, бұл туралы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік шараларын қатаңдату куәландырады.
Сондықтан да біздің барлығымызға жанымызда тұратын адамдардың сезіміне сезімтал болу өте маңызды. Әрине, терең жан дағдарысы жағдайында балаға шешілмейтін проблемалар бізге мұндай болып көрінбейді. Мүмкін, біздің көмегіміз оның өмірін құтқару үшін жеткілікті болады. Қорытындыда бір нәрсе айтуға болады. Балаларыңызды жақсы көріңіз және оларға мұқият болыңыз! Сіздің қарым-қатынасыңыз бала кез келген уақытта қайтып, демалуға болатын орын болуы тиіс. Оған қажет болғанша, күш жинап, "үлкен әлемге"қайта шығу керек.