«Өзін - өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті өткізу туралы есеп.
«Өзін - өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті өткізу туралы есеп.
2020 ж. 03.02. бастап 2020 ж. 12. 02. аралығында біздің мектепте өзін-өзі тану онкүндігі өткізілді.
«Өзін-өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы».
Мақсаты: онкүндікті өткізу жоспарымен таныстыру, онкүндіктің тақырыбына қызықтыру, жағымды ахуал жасау, онкүндікті өткізуге белсенді қатысуға бағыттау.
Міндеттер:
1. «Өзін-өзі тану» пәні туралы жалпыадамзаттық ұғымдардың рөлі мен орны: адам өміріндегі махаббат, қуаныш, сенім, мейірімділік туралы білімді кеңейту;
2 Өзін-өзі тану онкүндігін С. А. Назарбаеваның туған күніне ұштастыру.
3. Позитивті ойлай білуді дамыту, шабыт, шығармашылықпен өмір сүру.
4. Адамгершілік көзқарасқа, қоршаған әлемге, махаббатқа, сыйластыққа, мейірімділікке трбиелеу.
«Мектепте Өзін-өзі тану онкүндігін» құру қағидаттары.
Аптаны жалпы жоспарлау кезінде біз бірнеше жұмыс қағидаттарын негізге алдық.
1. Циклдік және сабақтастық, яғни күн сайын алдыңғы күннің жалғасы болып табылады. Күн сайын, оның ішінде, және ойлауға арналған белгілі бір ақпаратты көтереді;
2. Аптасына жоспарланған іс-шаралар ең көп оқушылар мен педагогтарды қамтиды.
3. Жалпы психологиялық ахуал. Жалпы мектептік ойындар мен акцияларға тек мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар педагогтар, ата-аналар, сондай-ақ мектептің барлық қызметкерлері қатысты.
Безендіру:
1. Мектеп фойесінде «Өзін-өзі тану декадасы» және онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары.
2. Тілек ағашы.
3. Сауалнама «Арман – бұл…», «Бақыт – бұл…», «Достық – бұл …»
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі балаларды жақсылық жасауға, мейірімділік пен қайырымдылық көрсетуге, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлауға үйретуге бағытталған. Жалпы декада сәтті өтті деп санауға болады. Жалпы психологиялық ахуал жақсы, жағымды болды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері жоспар бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
Онкүндік «Өзін-өзі тану» апталығы салтанатты сапқа тұрудан басталды , онда мектеп оқушылары сөз сөйледі. Жүргізушілер балаларды өзін-өзі тану жобасының жасаушысымен, оның өмірбаянымен, еңбектерімен таныстырды. 3-12 ақпан аралығында Сара Назарбаеваның туған күнін мерекелеу шеңберінде іс-шаралар жоспары әзірленді.
1-11 сынып оқушылары арасында «Жақсылық әлемі» атты суреттер сайысы өткізілді . Байқаудың тақырыбы- бізді қоршаған мейірімділік пен махаббат. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мақсаты: қайырымдылық пен мейірімділік сезімдерін дарыту және қоршағандарға мұқият болу.
Онкүндіктің жарқын оқиғаларының бірі – біздің меценаттардан: "Бестөбе-2" ЖШС әкімшілігінен Жусупова Жанна Оразаевна және Шарапов Максим Иванович атынан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы. 4 ақпан күні біздің мектептің балалары үшін Қостанай қаласынан 3Д кинотеатр шақырылды, оның бағдарламасында Ұлы Отан соғысы туралы «Ленинградты құтқару» фильмі және мультфильмді тегін қарау болды. Сонымен қатар, оқушылар біздің меценаттардан тәтті сыйлықтар алды.
Жоғары сынып оқушылары флеш-моб өткізді, оған мектеп оқушылары қатысты. Аталған іс-шара балаларды позитивке, жақсылыққа бағыттады, онда біз біртұтас, тату болып бір жолмен «Мейірімділік жолымен» жүреміз. Балалар жағымды көңіл-күймен және көп қуаныш алды.
Осы іс-шараның мақсаты юақсы істер жасау үшін көптеген жағымды және жақсы көңіл-күй алу.
Мектеп кітапханашысы В. А. Картабаева «Махаббатқа толы жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. 1-5 сыныптардың оқушылары қатысты. Оқушылар жақсылық пен махаббат туралы өлеңдер оқыды. Балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, С. А. Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы «С.А Назарбаева-өзін-өзі тану жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме материалдарымен мектеп кітапханасына келушілердің барлығы таныстырылды.
Өзін-өзі тану мұғалімі Ж. Г. Нурфайзулина 5-8 сыныптарда «Өзін –өзі тану әлемі» викторинасын өткізді. Викторина өте қызықты өтті, оқушылар белсенді жұмыс істеді, өздігінен қорытындылар шығарды, жағдаяттарды шешті . Іс-шараның барлық кезеңдері сақталды, әр кезеңге белгілі бір уақыт бөлінді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А. Б. Кузембаева 3 сыныпта «Балаға жұрек жылуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенді жұмыс істеді, өздігінен қорытындылар жасады, жағдаяттарды шешті. Іс-шараның барлық кезеңдері сақталды, әр кезеңге белгілі бір уақыт бөлінді.
Сонымен қатар, «Балаларға арналған жүрек» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А.Назарбаеваға арналған 2-5 сыныптарда рухани-адамгершілік тәрбиеге бағытталған сынып сағаттары өткізілді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А. Б. Кузембаева 3 сыныпта «Сүйіспеншілік -өмір негізі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үшінші сынып оқушылары өздерінің талдау, қорытындылар жасай алатындықтарын көрсете білді, мұғаліммен әңгімелесуге белсенді қатысты, бейнеролик қарады, топта жұмыс жасады, мақал-мәтелдердің мағыналарын түсіндірді, сабақтың барлық кезеңдері сақталды. Сабақ өз мақсатына жетті.
- Өзін-өзі тану мұғалімі Ж. Г. Нурфайзулина 2 сыныпта «Махаббат- өмір негізі» тақырыбында өзін-өзі танудан ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалардың қабылдауына қол жетімді мысалдарда мұғалім адамдардың "Махаббат" ұғымына қандай мән беретіндігін түсіндірді, жұппен жұмыс ұйымдастырды, жақсы істерді жазды. Сабақ балалардың махаббат, мейірімділік, қайырымдылық туралы білімдерін кеңейтті, балаларды басқа адамдарға махаббат сыйлауға, басқа адамдардың игілігі үшін қайырымды іс жасауға ынталандырды, оқушылардың эмоциялық-эстетикалық, рухани-адамгершілік және интеллектуалды дамуына ықпал етті.
«Өзін-өзі тану» декадасының жабылуына арналған сапқа тұруда қорытынды шығарылып, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Онкүндіктің соңында мектеп оқушылары өткізілген онкүндік туралы алған әсерлерімен бөлісті, тамаша сабақтары үшін мұғалімдерге алғыс айтып, «Өзін-өзі тану» пәні адамға өзін табуға, өзінің жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің қадір-қасиетін сақтауға және әрқашан адам болып қалуға көмектеседі деген қорытынды жасады.
.