«Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы»
2020 жылғы 12 қазаннан бастап 12 қараша аралығында кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы шеңберінде 8-11 сынып оқушыларының МЮП инспекторы Ж. Б. Смаиловамен және учаскелік инспектор А. А. Жаркумбаевпен кездесуі ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада оқушылар ҚР «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы» Әкімшілік кодексінен үзінділермен, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алумен, қоғамдық орындарда және бұқаралық іс-шараларда, көшеде және көлікте жүріс-тұрыс ережелерімен танысты. Сондай-ақ, темекі шегудің, спирттік ішімдіктерді ішудің, есірткіні қолданудың салдарымен танысты. Шұғыл және психологиялық қызметтің Сенім телефондары берілді. Әңгіме барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық құзыретті жауаптар алды.