Бірыңғай ата-аналар жиналысы
Бірыңғай ата-аналар жиналысы
2021 жылғы 16 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім беру бөлімнің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Өнірлік психологиялық және қосымша білім беру орталығы» КММ-нің қолдауымен психолог Ж.Г .Нурфайзулина бірыңғай жалпы мектептік ата- аналар жиналысын өткізді. Жиналыс тақырыбы: «Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу». Пандемиямен төтенше жағдайға байланысты жиналыс онлайн режимінде өтті. Жиналыста «Отбасылында суицид жағдайы қалай туындауы мүмкін?», «Кәмелетке толмағандарға қатысты бақылау мен тәуелсіздік тепетеңдігін қалай іздеуге болады?» деген сұрақтар талқыланды.Ата-аналармен «Сіз қандай ата-анасыз?» атты экспресс тест өткізілді.