«Дәстүр мен ғұрып»
Қазақстанда мәдени мұраға қатысты "Дәстүр мен Мұра" атты жаңа арнайы жоба іске қосылды. Оның мақсаты-ұмытылған, бірақ өзекті. Жаһандану дәуірінде ақпарат пен түрлі мәдениеттер бір-бірімен араласып, олардың арасындағы сызық жойылған кезде ұлттық код пен руханиятты нығайтатын дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жандандыру қажет. Қазақ халқының өмірінде тамыр жайған және өмір салтының бір бөлігіне айналған дәстүрлер ұлттық бірегейлікті сақтау үшін өте маңызды. Рухани құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу-Мәңгілік ұлттың кілті.
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Бестөбе орта мектебінің "Аналар" кеңесі Instagram парақшасында қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, сондай-ақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туралы әңгімелей бастайды.