Оқушылардың ата-аналарының назарына!
Ағымдағы жылдың 15-19 мамыр аралығында облыс мектептерінде төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық бойынша оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
ҚР Премьер-Министрі А. А. Смайыловтың білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде оқу жаттығулармен қызметкерлер мен оқушылар саны 100 адамнан асатын мемлекеттік және жекеменшік мектептерді қамту жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шеңберінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде қызметкерлердің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің іс-қимыл алгоритмі пысықталатын болады.
Оқу-жаттығуларға ТЖ, полиция департаментінің, арнайы қызметтердің қызметкерлері тартылуы мүмкін.
Ата-аналардан оқу-жаттығу кезінде сабырлы болуын сұраймыз!