Құрметті ата- аналар мен балалар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуын, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсету фактілерін, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің әдепсіз әрекеттері туралы хабарламаларды жедел анықтау мақсатында Telegram мессенджері BALA QORǴAÝ чат арнасын құрды.
Егер сізге кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік қарым-қатынас, педагогтердің әдепке жатпайтын мінез-құлықтары туралы белгілі болса, ақпаратты “BALA QORGAU” чатына жіберуді сұраймыз
Бұл сілтемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті шұғыл шара қолдану үшін құзырлы органдарға жолдайды. Арнаға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузер жолына «bala_qorgau» деп теру керек.