Ұлы ақынды ұлықтаған ұрпақ
Ұлы ақынды ұлықтаған ұрпақ
Қазақтың данышпаны, дарасы кім десе қазақ жұртының бірінші ойға түсетіні – Абай. Шығыс пен Батыс мәдениетіне көпір бола білген ұлы тұлғамызға биыл 175 жыл толып отыр. Бұл мерейтой қазақ елінің түкпір-түкпірінде тойлануда. Абайдың ұғымында: «Еңбек танымды арттырады. Еңбек естіген нәрсені бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні керексізден сұрыптап, ақылды болады» деген осы ұстанымды Қамысты ауданы, Бестөбе ауылының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырумен «Ұлы Абайға 175 жыл» толуына байланысты мектепшілік сайыс өткізілді. Жоғарғы буынға арналған бұл сайыста, бақта бапта шаба білді. Өнерлі емес, іздгеннің еңбегі айқын көрінетін сайысқа 9 «б» сынып оқушылары: Альпаев Расул және Борантаев Алмаз, ал 10 «б» сынып оқушысы Кабылдина Несыбельды және 11 «А» сынып оқушысы Ақылжанов Әсет қатысты. Бұл сайыстың негізі мақсаты: Ұлы тұлғамызды ауқымды түрде және жан-жақты таныстыра білу, ұрпағымыз әрқашан осындай ақынның барын ұмытпау.
Жүйріктерді анықтауға әділ-қазылары сақадай сай болып, мынадай қорытындыға келді. Сайысымыздың алғашқы жүлдегерлері Кабылдина Несыбельды мен Борантаев Алмаз 3-орын алды, Альпаев Расул 2-орынмен қанжығасын майласа, алтыннан алқа тағынған Ақылжанов Әсет 1-орын алды. Жалпы әділ-қазы алқалары сайыстың әділ әрі, көркемдік жағымен танымдығы жоғарғы деңгейді өтті деп бағалап отыр. Осындай білімді де білікті ұрпақ тұрғанда еліміз еңсесін биік ұстайды деген сенімін артты.