Наурыз мейрамына орайластырылған «Көңілді старттар????» спорттық шарасы

17 наурыз күні Наурыз мейрамы мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында «Көңілді старттар????» атты спорттық шара өтті.

Спорттық жарыстар өскелең ұрпақтың салауатты және белсенді өмір салтын сақтауға деген қызығушылығын арттыруға, бәсекелестік рухын нығайтуға және дене қабілеттерін дамытуға арналған, бұл болашақ өмірге оң әсер ететіні сөзсіз.
Балалар спорттық ойындарға, эстафеталарға белсене қатысты, өздерінің ептіліктерін, күштілігін, жылдамдығын, зеректігі мен ұйымшылдығын көрсетті, әріптестеріне көмекке келді. Барлық балалар өте көңілді және үлкен әсер алып, сертификаттармен марапатталды.