«Спутник» мектеп жанындағы лагерінің жұмысы

14 маусымда «Спутник» мектеп жанындағы лагерьде «Мен өз елімнің патриотымын» атты сурет байқауы, сондай-ақ «Үстел үстіндегі ойындардан бейне ойындар жақсы ма?» тақырыбында пікірталас өтті. Пікірталас топтары өз ұстанымдарын белсенді түрде қорғады.
Сурет байқауының мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, өз өлкесінің мәдени-тарихи өміріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту.