«Спутник» мектеп жанындағы лагерінің жұмысы

Волонтерлік қозғалыс балаларға өздерінің маңыздылығын сезінуге, өсіп-жетілуіне, маңызды, пайдалы істермен айналысу қабілетін сезінуге, іс-әрекетінің нәтижесін шынымен көруге, басқаларға қуаныш сыйлауға, әдемі нәрсе жасауға мүмкіндік береді. Мектеп – біздің ортақ үйіміз, оны біз жақсы көреміз және әдемілікті ішімізден ғана емес, сыртынан да көргіміз келеді. Отансүйгіштікке, еңбекке тәрбиелеу мақсатында бүгін оқушылар «Біз таза аулаға еріктіміз!» атты еңбек десантына қатысты. Сондай-ақ, «Қамқорлық» акциясы аясында мектеп оқушылары өз қолдарымен ойыншықтар жасап, шағын орталық балаларына табыс етті. Содан кейін мұғалімнің жетекшілігімен олармен ойын ойнады.