«Мейірімділік ағашы» акциясы

Мектепте «Мейірімділік ағашы» акциясы өтті. Оған бастауыш сынып оқушылары қатысты. Әрқайсысы қағаз алмаға сыныптастарына өз тілектерін жазды. Содан кейін бұл түрлі-түсті алмалар «мейірімділік ағашына» қойылды. Мектеп оқушылары кіші оқушылардың жазғандарын ықыласпен оқып, мейірімділік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленеді!